«Жаз аруы – 2016» байқауының жеңімпазы анықталды

15 маусымда «Әлем» балалар- жасөспірімдер орталығында «ЖАЗ АРУЫ – 2016» байқауы болып өтті. Байқауға қала мектептерінің сауықтыру алаңдарынан 10 балауса қыз қатысты.

Төрт кезеңнен тұрған аталмыш сайыста арулар өздерін жан –жақты көрсете білді. Бірінші кезеңде сұлулар өздерін таныстырып өтсе, екінші кезеңде спортқа икемділігін танытты. Доданың үшінші кезеңнің шарты бойынша «Жаз қандай тамаша!» тақырыбында коллаж жасап, төртінші кезеңде өз өнерлерін көрсету тапсырылған болатын. Бұл кезеңдерге де арулар үлкен жауапкершілікпен дайындалып келіп, көрермендерге шаттық көңіл сыйлай білді.

Арулардың өнерін «Балалар Академиясы» тұлғаны дамыту орталығының жетекшісі Хамзина Жанна Хамзиновна, «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблінің хореографы Булавка Светлана Георгиевна, «Миркл» эстрадалық ән театрының жетекшісі Шактаева Марина Анатольевна және «Әлем» БЖО педагог- психологі Ходарева Ирина Михайловна таразылады.

Қорытындысында «БАС ЖҮЛДЕНІ» «№4 ЖББОМ» КММ оқушысы Турдыбекова Жансая, І орынды «№10 ЖББОМ» КММ Рудакова Дарья, «№23 ЖББОМ» КММ Балташ Айсәні, «№11 ЖББОМ» КММ Отькало Елизавета, ІІ орынды «№24 ЖББОМ» КММ Иванова Людмила, «№6 ЖББОМ» КММ Поливка Полина, «№2 ЖББОМ» КММ Жаппарова Альбина, «№19 ЖББОМ» КММ Костаченко Лаида, ІІІ орынды «№7 ЖББОМ» КММ Мазина Кира мен «№21 ЖББОМ» КММ Абрамова Яна иеленді.

Барлық қатысушылар мен оқушыларды дайындаған мұғалімдерге «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ, «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы» МКҚК мадақтама қағаздары және сыйлықтар табысталды.

Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді насихаттау мен дамыту жөніндегі әдіскер Б.Т.Бельгибаева