«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» жасөспірімдер қозғалысының белсенділері мен көшбасшыларына арналған  «Ұланымыз ұлы елдің» Республикалық форумы

Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына еліміздің түкпір – түкпірі дайындалуда. 2016 жылдың 18-19  қараша күндері осы мерейтойға арнайы ұйымдастырылған   Астана қаласындағы   Қобыз Сарайында өткен «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» жасөспірімдер қозғалысының  белсенділері мен көшбасшыларына арналған  «Ұланымыз ұлы елдің» атты  Республикалық форумға Теміртау қаласының  мектептерінен 10 оқушы қатысты.  Атап айтсақ, №5 ЖББОМ КММ 7 сынып оқушысы  Омирзак Айым,  «№23ЖББОМ» КММ  7 сынып оқушысы Бахытжанов Алияр,

«№1 Гимназия» КММ 7 сынып оқушылары Тюлькачева Софья, Пышкова Анна, Ерохина Алина, Пикашев Александр және Т.Әубәкіров атындағы  гимназиядан 10 сынып оқушылары Щедрин Андрей мен  Искакова Камила, №11 «ЖББОМ» КММ  10 сынып оқушысы Исенов Жанахмет пен 11 сынып оқушысы Райкова Алина.

Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 100-дей оқушы мен мұғалімдер қатысты. Форум аясында  «Көшбасшылар тиімділігі» -тренер Потапченко М.М, «Сәтті тимбилдинг» -тренер Юсупова А.Ф., «Көшбасшылық: психологиялық ықпал» -тренер Аубакирова Ж.К, «Көпшілік алдында сөз сөйлеудің өнері» -тренер Аманжолов Б., өтті. Осы екі күн ішінде белсенді балалар түрлі шебер сыныптарға, тренингтеріне қатысып, пікір алысып, ерекше бір сезімге бөленгендерін айтты.

        Форумның қатысушылары 18 қараша күні   Астана қаласындағы Ұлттық мұражайға барып, мұражайдың бірнеше залындағы еліміздің ерекше тарихымен  танысты. Атап айтсақ,  «Ежелгі және ортағасыр тарихы залы», «Тарих залы», « Этнография залы», «Астана залы», «Тәуелсіз Қазақстан залын аралап өткен ата – бабамыздың өмірінің тарихына кенеліп,  өздерін егемен еліміздің еңселі байрағын ұшы қиыры жоқ көгімде нық көтеруге ұмтылған, қыранының  қалықтағанын көріп  – Тәуелсіз елдің Жас Ұланы екенін әр бала мақтанышпен айта алатындай сезімде бөленді.

19 қараша күні танымал медиа өкілдерімен кездесу өтті.  Балалар бұл кездесуде өз ойларын ортаға салып, көкейтесті сұрақтарын қойып, өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс екендігін жас көшбасшылар осы форумда жан – жақты түсінді.

Форумның соңында оқушылар «Біздер Ұлы елдің ауыз толтырып айтар мақтаныштарымыз!»,  «Біз тірегі биік, тәуелсіз ел ұланымыз!», « Біз – «Жас Ұлан» бағындырар әлі талай белесті!» деген ерекше  қорытынды сөздерімен тілектерін білдіріп, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын айтты. Барлық  қатысушыларға  сертификаттар тапсырылды.

     Балалар  мен  жастар  қозғалысы  жөніндегі  әдіскер:                Кунтуган К.