«Кішкентай ханшайым-2016» байқауы

«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында қала мектептерінің бастауыш сынып қыз балаларының арасында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің – 25 жылдық мерекесі қарсаңында «Кішкентай ханшайым-2016» атты қалалық байқау болып өтті.

Байқауға  қатысу  үшін  қаламыздың 18 мектебінен сұраныс түсті. Қатысушылар санының көп болуына байланысты  байқауды екі кезеңге бөліп өткізуге тура келді.

Түрлі әшекейлермен  сәнденіп,әдемі көйлек киген балауса балғындарды сахна төрінен көргенде еріксізден есіңе ертегілер ханшайымы оралады. Өздерінің  өнері мен шеберлігін, ақылдылығы мен тапқырлықтарын,  сән үлгісін көрсетіп өзара бақ сынасқан сайыскерлерді Теміртау қ. Мәдениет және тілдерді дамыту орталығының маманы  Рымгалиева Куралай Рымгалиевна, «Әлем» БЖО әдіскері Кунтуған Кулшан, «Эдельвейс» спорттық-би клубының жетекшісі Осипова Оксана Александровна, «Керемет» әдеби-театрының жетекшісі Мамитова Баян Кенжебаевна, «Әлем» БЖО» әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Винокурова Оксана Викторовна таразылады.

Әділқазылар алқасы шешімдерін қабылдағанша, «Мирас» вокал-аспапты ансамблі, «Миркл» эстрадалық ән театры, «Силуэт» сән- театры, «Балдәурен» вокал тобының өнерпаздары ән айтып, би билеп көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өнерлерімен тәнті етті.

Байқаудың қорытындысында «Бас жүлде»  «№5 ҚОМ»  оқушысы Рымқұл Айлин мен «Әйелдер гимназиясы»  оқушысы Хусаинова Каринаға бұйырды. Қалған қатысушыларға «Өнерлі ханшайым», «Шебер ханшайым», «Сүйкімді ханшайым», «Көрікті ханшайым», «Ажарлы ханшайым», «Ақылды ханшайым», «Талапты ханшайым»,“Принцесса Симпатяшка” , “ Принцесса Очаровашка”, “ Принцесса Красотулька”,  “ Принцесса Модница” , “ Принцесса Улыбочка” , “ Принцесса Милашка” , «Принцесса Грация», «Принцесса Очаравание», «Принцесса Звездочка», «Принцесса Нежность» номинациялары  берілді. Байқауға оқушы дайындаған мұғалімдер мен барлық ханшайымдарға «Теміртау қаласы білім беру бөлімі» ММ және «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Ботагөз Бельгибаева