«Ән мен Жылдар» ретро әндер фестивалі өтті

Ақпан айының 16 жұлдызында «Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығында  «Ән мен Жылдар» ретро әндер фестивалі өтті. Фестивальға қала мектептерінің 5-11 сынып оқушыларымен қатар орталықтың «Мирас» вокалды-аспаптық ансамблінің, «Балдәурен» вокал тобының, «Антрэ» үлгілі эстрадалық би ансамблінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.

Кеш барысында халықтың жүрегінен орын алған, аға ұрпақтың сүйіп тыңдап, орындаған әндері шырқалды.

Сонымен қатар Бұхар жырау ауданының Березняк ауылынан Дінмұхаммед Мұхтар есімді оқушы (жетекшісі Уаш Темербек) қызығушылық танытып, Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындады.

Кеште өнер көрсеткен барлық қатысушылар мен оларды дайындаған жетекші мұғалімдер «Теміртау қаласы білім беру бөлімі» ММ мадақтама қағаздарымен марапатталды.

Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер

Бельгибаева Ботагөз Толеубаевна