«Қысқы ертегі» атты сурет байқауы

2017 жылдың 15- 20 желтоқсан аралығында   «Әлем балалар – жасөспірімдер орталығында  « Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде  ББЖҰ «Жас қыран»  отрядтарының арасында  «Қысқы ертегі» атта сурет байқауы өтті.  Оқушылардың жұмыстары орталықтың холлына ілініп, көрме ұйымдастырылды.

Бұл сурет байқауының негізгі мақсаты бейнелеу өнеріндегі дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсете отырып,  өскелең ұрпақты бейнелеу өнеріне баулып, патриоттық көзқарастарын қалыптастырып, эстетикалық  талғамын дамыту болып саналады.

Сурет өнері – өнер атаулының ішіндегі көркем де бейнелі руханият қазынасы. Қазіргі егеменді елдің болашағы болар жас ұрпақты ұлттық дүниетаным негізінде тәрбиелеудің баға жетпес, теңдесіз құралы. Олай болса, бұл байқауға Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мектептерінің бастауыш сынып оқушыларынан 48 бала белсене атсалысты.

Атап айтсақ, №1ЖББОМ, №5 ҚОМ, №6 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №9 мектеп – лицейі, №10ЖББОМ, №11ЖББОМ, №15 ҚМГ, №21 ЖББОМ, №28 ЖББОМ, №29 ЖББОМ, №32 ЖББОМ,  №1 қалалық гимназия.

«Жақсы салынған суретте көп сөздің түйіні бар» немесе «Жүз рет естігенше, бір рет көзбен көрген абзал» деп бабаларымыз сурет өнері маңызына үлкен баға берген. Олай болса, жас суретшілердің жұмыстарын «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығының    халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскері Ибраева Асем Сабитовна, «Колорит»  бейнелеу өнері студиясының жетекшісі   Колганова Елена Леонидовна, орталықтың суретшісі Рожкова Людмила Владимировна, «Ультрамарин» дизайн студиясының жетекшісі  Мусалиева Анастасия Нурлановна, балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер Кунтуган Гүлжан сараптап, бағалады.

«Өнер – бұл дүниені түсінуді іздеген әрі түсінікті ету үшін жасалған ой еңбегі… Бұл – суретші қолы тиген барлық затты жүрек айнасымен көрініс қылу» – дейді француз мүсіншісі Роден. Сурет өнері қашанда ойды дамытып қана қоймай сұлулыққа үндейтін бірден-бір өнердің түрі. Бұл сурет  байқауында бүлдіршіндер  қыс мезгілінің табиғатын ерекше етіп көрсетіп, бейнелей білді. Қорытындысында №11 ЖББОМ 2 «А» сынып оқушысы Назаренко Ирина, №6 ЖББОМ 4 «А» сынып оқушысы Ахмедова Анита, №5ҚОМ 1 «Б» сынып оқушысы Досбол Толғанай, №21 ЖББОМ 3 «А» сынып оқушысы Николаева Виктория, №8 ЖББОМ 2 «А» сынып оқушысы Даулетқалиұлы Нұрислам, №28ЖББОМ 4 «А» сынып оқушысы Найбауэр Дарья, №1 ЖББОМ 4 «А» сынып оқушысы Харьков Николай, №9 мектеп – лецейінің 2 «Ә» сынып оқушысы Ниязбекова Луиза, №29 ЖББОМ 3 «А» сынып оқушылары Айдосқызы Аяулым, Жагсалаг Нұрсұлтан атты қатысушылар  І орындарды  қанжығалады. Ал қалған оқушылар ІІ, ІІІ, ІҮ орындарға ие болды.

Байқауға қатысқан барлық оқушылар «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ мен «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтама қағаздарымен марапатталды.

 Балалар  мен  жастар  қозғалысы  жөніндегі  әдіскер:                Кунтуган К