«Жарасым маусымы» басталды…

2018 жылдың 6-ақпанында «Әлем» Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Керемет» әдебиет студиясы Астана қаласында Жайдарманшылардың Республикалық  «Маусымашар – 2018» фестиваліне қатысты. Биылғы маусым «Жарасым маусымы» деп аталды. Фестивальға  жалпы  215 команда қатысты, оның ішінде 23 команда мектеп жасындағы балалардан жасақталған.

«Керемет» командасы мектеп оқушылары арасындағы ойында өнер көрсетті. Астананың символы «Бәйтерекке» барып, балалардың көңілі бір жадырап қалды. Фестиваль аясында Жоғарғы лиганың үздік ойыншыларымен танысып, Республикалық Жайдарман Одағының Президенті Есен Елеукенмен кездесті.

Бұл ойын тәрбиеленушілердің есінде мәңгі қалары сөзсіз. Себебі, «Кереметтің» Республика деңгейіндегі алғашқы ойыны.Әлі алар асулары, бағындырар белестері алда «Керемет» әдебиет студиясы «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры мен ұжымына , ата-аналарға алғысын білдіреді.

«Керемет»  әдебиет студиясының жетекшісі Б.К. Мамитова