«Есіңе мені алғайсың…»

2018 жылдың 7 ақпанында «Әлем» балалар–жасөспірімдер орталығының шығармашылық ұжымдары қалалық мәдениет сарайында өткен «Есіңе мені алғайсың…» атты ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевты еске алу қалалық байқауына қатысып, өнер көрсетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Мирас» вокалдық аспаптық ансамблінің тәрбиеленушілері ІІ орынға, «Балдәурен» вокалдық тобының тәрбиеленушілері ІІ және ІІІ орындарға, «Керемет» әдеби студиясының балалары екі ІІІ орындарға ие болды. Аталған жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, шалқар шабыт тілейміз!!!