Жасай бер! Өсе бер! Өркендей бер, Жас Ұлан!

2018 жылы 3- 5 мамыр аралығында Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мектептерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.

2018 жылы 5 мамыр күні Теміртау қаласының Тұңғыш Президент мұражайында «№1,2,3,6,11,21,23,31 орта мектептерінен және №1 қалалық гимназия, №14 мектеп-лицейдің оқушылары «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылданды.

Әр мектепкетегі  мерекелік іс – шараға арнайы қонақтар қатысты. Олар салтанатты түрде «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» ұйымының қатарына қосылған оқушыларды құттықтап, төс белгісін тағып, галстук байлау рәсімін өткізді.

Қатарға қабылданған  жаңа мүшелер өз өнерлерімен көрерменнің көңілінен шықты. Бірі ән айтып, екіншісі өлең оқып көрерменнің қошеметіне бөленді.

Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті әр оқушының бойына қалыптастыру, еңбексүйгіштікке баулу, сонымен қатар көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыта отырып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының басты мақсаты болып табылады.

Олай болса, Теміртау қаласы бойынша «Жас Ұлан» ұйымының қатарына 283 мүше қосылса, «Жас Қыран» ұйымының қатары 144 баламен толықты.

Қала мектептерінің арасында «№17 ЖББОМ» КММ тәлімгері Кошанова Алия Жанабековна «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 75 мүше қабылдады. Ал «№24 ЖББОМ» КММ тәлімгері Котов Алексей Владимирович 60 бала мүшелікке өткізді. Сонымен қатар «№27ЖББОМ» КММ тәлімгері Стаметова Надежда Сергеевна 58 оқушы, «№6 ЖББОМ» КММ тәлімгері Манжетова Наталья Александровна 31 оқушы қабылдап ерекше көзге түсті.

Біз ұйымымыздың қатарына қосылған достарымызға тек ғана шығармашылық табыс пен сәттілік тілей отырып, келешектің кемел кілтін, жарқын болашақтың туын нық ұстап, еліміздің еңселі ұлы мен қызы болуларына тілек білдіреміз.

Балалар мен жастар қозғалысы орталығының әдіскері: Кунтуган К.