Бейбіт күн жасасын әлемде

2018 жылы 5-11 қараша аралығында  «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында «Жас Ұлан» ББЖҰ отрядтарының 5 – 9 сынып  оқушылары арасында 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Бейбіт күн жасасын әлемде…» атты сурет байқауы өтті.

Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауға Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мектептерінен «Жас Ұлан» ұйымының 38 мүшесі белсене атсалысты.

Бейбіт күннің жасұландары  өткен тарихымызбен сыр шертіп, елінің ертеңінен үміт үзбей бейбітшіліктің туын тіккен ата – бабаларымызға деген алғысын осы байқауда әр оқушы   сурет салу арқылы  бейнелеп көрсетті.

Жеңістен жеңіске жетіп, жеңіс туымыздың мәңгі жілбереп тұрсын деген ұран әр баланың салған суреттерінің бояуы мен жүрегінің үлпілі сезілгендей сезімге бөледі. Ендеше бейбіт заманымыздың  ғұмыры мәңгі  баянды болсын!

Олай болса, бұл байқаудың нәтижесінде жалпы І орынды 12 оқушы жеңіп алды. ІІ орынды 12 оқушы қанжығаласа, ІІІ орынды 14 оқушы иеленді.

Бұл байқауға қатысқан қатысушыларды «Әлем» БЖО» МКҚК мақтау қағаздарымен марапаттады.

Балалар мен жастар қозғалысы  орталығының әдіскері: Кунтуган К