2018 жылы 28 қараша күні «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында Теміртау қаласы мектептерінің тәлімгерлеріне «Ұлан басы» сайлау туралы семинар өтті

2018 жылы 28 қараша күні «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығында Теміртау қаласы мектептерінің тәлімгерлеріне «Ұлан басы» сайлау туралы семинар өтті. Бұл семинарға 18 мектептің тәлімгерлері қатысты.
Бұл семинардың басында «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығының психолог педагогі Ходарева И.М. мен Осипова О.А. тәлімгерлерге психологияллық жаттығу жасатып, көңілдерін көтерді.
«Ұлан басы» сайлау тақырыбы бойынша балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер Қонақбаева Ғалия Таубаевна жалпы «Жас Ұлан» ұйымы туралы мәлімет берді. Сонымен қатар ұлан басын сайлау жайлы жан – жақты айтып өтті.
«Ұлан басы» сайлау кезінде кездесетін қиындықтар» бойынша №24 ЖББОМ аға тәлімгері Котов А.В. баяндады. Ол өз мектептебінде ұлан басын сайлау кезінде жүргізетін жұмыстары жайлы түсіндіріп өтті. Ұлан басын сайлау кезінде түсірген бірнеше бейнетаспа көрсетті.
Осы семинарда аға тәлімгерлерді үш топқа бөліп ойын жүргізілді. Тәлімгерлер кез – келген тақырыпта к шығармашылық шеберліктерін көрсете білді. Екінші тапсырма бойынша үш топқа әріптер берілді. Бұл ойында тәлімгерлердің қандай болу керектігін әріптер арқылы сипаттады.
Соңынада «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығының психолог педагогі Ходарева И.М. рефлекция жүргізді.
Семинар қатысушылары барлық ойындарға белсене қатысып, өздерін көрсете білді.

Балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер: Кунтуган К.