«Мәңгілік ел – Қазақстан»

«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы мен «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» бірігіп 12 желтоқсан 2018 ж. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Мәңгілік ел – Қазақстан» атты қалалық шығармашылық сайысының марапаттау рәсімін өткізді. Сайысқа жіберілген жұмыстар БЖО «Әлем» орталығының холлында ілініп, көрме ұйымдастырылды. Ал І, ІІ және ІІІ орындарға ие болған жұмыстарды қалалық мәдениет және демалыс саябағының көрмесіне ілінді. Байқауға әйелдер гимназиясы, №28, №3,№21, №19, №6, №8, №17, №5, №14, №10, №15, №9, №2, №11, №27 қала мектебінің оқушылары тақырыпқа байланысты суреттер, макеттер және коллаждар жасады.
«Сурет» номинациясы бойынша І орынға ие болған №27, №17, №2, №6 мектептері, ІІ орынға ие болған №28, №8, №19, №14, №11 және әйелдер гимназиясы, ІІІ орынға №5 ҚОМ, №9 МЛ, №14ЖББОМ ие болды.
«Макет» номанициясы бойынша І орынға №3 ЖББОМ ал ІІ орынға №27 ЖББОМ ие болды.
«Коллаж» номинация бойынша І орынға №10 ЖББОМ, ІІ орынға №27ЖББОМ және ІІІ орынға №28ЖББОМ, №15ҚОМ ие болды.
Барлық қатысушылар сыйлықтармен дипломдармен және мадақтамалармен, ал жетекшілері алғыс хаттарымен марапатталды.
Жас өнерпаздардың жұмыстарын «Әлем» БЖО МББ меңгерушісі Бельгибева Б.Т., «Жас Ұлан» ұйымының әдіскерлері Қонақбаева Г.Т., Кунтуган К., «Колорит» студиосының жетекшісі Колганова Е.Л., орталықтың суретшісі Рожкова Л.В., «Қалалық мәдениет және демалыс саябағының» әдіскері Кравченко С.А. сараптап, бағалады.
Балғындардың еңбектерінен өз еліне, Елбасына деген сүйіспеншіліктері, мақтанышы және құрметтері мен сенімдері айқын көрінеді.

Халық шығармашылығы және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау жөніндегі әдіскер Ибраева Асем Сабитовна