Ақшақардың Аяз атаны құтқару операциясы

25-29.12.18 аралығында “Әлем” балалар мен жасөспірімдер орталығында мемлекеттік тілде қала мектептерінің оқушыларына арналған “Ақшақардың Аяз атаны құтқару операциясы” атты ертеңгіліктер мен би кештері ұйымдастырылды. “Керемет” әдеби- студиосының тәрбиеленушілері әр түрлі ертегі кейіпкерлерін сомдап(жетекшісі Мамитова Б.К.), “Мирас” вокалды-аспапты ансамблінің тәрбиеленушілері (жетекшілері Шаймерденова Қ.Ж. Әбдірахман Қ.Б.) көңілді әндерімен мерекелік көңіл күй сыйлады. Орталықтың дыбыс режижері Дроздецкая В.В. би кешіне арналған заманауи әндердің топтамасын жинақтады.