«Қысқы ертегі» атты сурет байқауы

2019 жылдың 8-15 қаңтар  аралығында   «Әлем балалар – жасөспірімдер орталығында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде  ББЖҰ «Жас қыран»  отрядтарының арасында  «Қысқы ертегі» атта сурет байқауы өтті.  Оқушылардың жұмыстары орталықтың холлына ілініп, көрме ұйымдастырылды.

Дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру. Балалардың  шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндіктерін ашу. Сонымен қатар жасөспірімдерді  бейнелеу өнеріне баулып, патриоттық көзқарастарын қалыптастырып, туындыларын көпшілікке жария ету мүмкіндігін ұсыну арқылы жас суретшілердің белсенділігін арттыру бұл сурет байқауының басты мақсаты болды.

Сурет өнері –бояуы  мен көркемдік   бейнесі жағынан үлкен бір  рухани  қазына. Олай болса, бұл сурет байқауына №1ЖББОМ, №2ЖББОМ, №5 ҚОМ, №6 ЖББОМ, №8 ЖББОМ, №9 мектеп – лицейі, №14 мектеп –лицейі,  №10ЖББОМ, №11ЖББОМ, №15 ҚМГ, №20 мектеп –лицейі №21 ЖББОМ, №28 ЖББОМ, №29 ЖББОМ, №32 ЖББОМ,  №1 қалалық гимназия, Бірінші Теміртау классикалық лицейдің оқушылары белсенділік танытты. Осы аталған мектептерден  қала бойынша 80 оқушы қатысты.

«Суретші бояуына сенеді» – дейді ұлы даналарымыз сурет өнерінің маңыздылығына қатты көңіл бөліп, құрметтеп бағалай білген.  Олай болса, жас суретшілердің жұмыстарын «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығының мәдени-бұқаралық бөлім меңгерушісі     Бельгибаева Ботагоз Толеубаевна,  «Колорит»  бейнелеу өнері студиясының жетекшісі   Колганова Елена Леонидовна, орталықтың суретшісі Рожкова Людмила Владимировна, балалар мен жастар қозғалысы жөніндегі әдіскер Қонақбаева  Ғалия Таубаевна  сараптап, бағалады.

Бұл сурет  байқауында бүлдіршіндер  қыс мезгілінің табиғатын ерекше етіп көрсетіп, бейнелей білді. Соның ішінде ерекше көзге түскен №2ЖББОМ 4 «А» сынып оқушысы Усенов Бекзат,  №20 мектеп –лицейің  4 «А» сынып оқушылары   Петровский Сергей, Кох Дарья, № 5 ҚОМ 2 «А» сынып оқушысы Сабыр Айзере, №11ЖББОМ 3 «А» сынып оқушысы  Ерлан Қарақат, №9 мектеп – лицейінің 1 «Ә» сынып оқушысы Жоламанова Элянур, №28ЖББОМ 1 «А» сынып оқушысы Харшагааулы Мирас, №14 мектеп – лицейінің 3 «А» сынып оқушысы Выродова Анастасия, №1ЖББОМ 2 «А» сынып оқушысы Мусин Даниэль, Бірінші Теміртау классикалық лицейідің  4 «А» сынып оқушылары Галиева Катарина, Маренич Ксения,  №23 ЖББОМ 2 «А» сынып оқушысы Сарсенова  Айым, №29ЖББОМ 4 «А» сынып оқушысы Айдосқызы Аяулым, №6 ЖББОМ  3 «А» сынып оқушысы Шим Николь, №8 ЖББОМ 3 «В» сынып оқушысы Базарымбет Жансая,  № 15 ҚМГ 4 «А» сынып оқушысы Қайыржан Балерке, №1 қалалық гимназияның 4 «А» сынып оқушысы Вакулко Маргарита. Осы аты аталған қатысушылар І орынды  қанжығалады. Ал қалған оқушылар ІІ, ІІІ, ІҮ орындарға ие болды.

Байқауға қатысқан барлық оқушылар «Әлем» балалар – жасөспірімдер орталығының  мадақтама қағаздарымен марапатталды.

 Балалар  мен  жастар  қозғалысы  жөніндегі  әдіскер:                Кунтуган К