READх  конференциясы«Кітап-біздің досымыз»

31 қаңтарда «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында,«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қала мектептері мен Ақтау кентінің 5-6 сынып оқушыларының арасында алғаш рет қалалық «Кітап-біздің досымыз» READх  конференциясы өтті.

Конференцияға «№5 ҚОМ»КММ, «№15ҚМГ»КММ, «№9 МЛ»КММ, «№6ЖББОМ», «№29ЖББОМ»КММ, «№10 ЖББОМ»КММ, «№22ЖББОМ»КММ, «№7ЖББОМ»КММ, «Әйелдер гимназиясы»КММ, «№28 ЖББОМ»КММ, «№21 ЖББОМ»КММ, «№16 ЖББОМ»КММ, «№3 ЖББОМ»КММ, «№31 ЖББОМ»КММ, «№23 ЖББОМ»КММ  оқушылары қатысты.

Спикерлердің оқыған  шығармаларын әсерлі, әрі жеткілікті етіп жеткізе алуын, ораторлық қабілеттерін «Теміртау қаласы Тілдер  дамыту орталығы» ММ филологі Копбаева Ғалия Исмайловна, «Әлем» БЖО жастар мен балалар қозғалысы жұмысының әдіскері Кунтуган Кулшан, Орталық кітапхананың қызмет бөлімінің жетекшісі Менешова Эльмира Мерекеевна сарапқа салды.

Әділқазылардың шешімі бойынша «Бас жүлдені» «№15ҚМГ»КММ оқушысы Мұратбек Айжанар, І орынды «Әйелдер гимназиясы» КММ оқушысы Чеверда Дарья, «№ 29 ЖББОМ» КММ Уркенбекқызы Ақбота, ІІ орынды «№10 ЖББОМ»КММ оқушысы Хайрат Айымжан, ІІІ орынды «№9 МЛ»КММ Батыржанұлы Нұрлыбек иеленді.

Конференцияға қатысқан барлық спикерлер мен жетекші мұғалімдерге «Теміртау қаласы білім беру бөлімі» ММ және «Әлем»БЖО» МКҚК мадақтама қағаздары мен сыйлықтар табысталды.

«Әлем»БЖО»КММ  мәдени-бұхаралық бөлімінің меңгерушісі  Бельгибаева Ботагоз Толеубаевна