“Жас актерге қажет дағдылар”

18-наурыз күні “Әлем”Балалар-жасөспірімдер орталығының “Керемет”әдеби-театралдық студиясының жетекшісі
Баян Кенжебаевна Мамитова “Жас актерге қажет дағдылар” тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.Шеберлік сабағында әртүрлі жаттығулар жасалды.Артикуляцияға,дикцияға,жадыны дамытуға арналған жаттығулар өз жалғасын қысылу-қымтырылудан арылу жаттығуларынан тапты.Мақал-мәтел айтылып,ән шырқалып,би биленген шеберлік сабағы келген педагогтарға ұнады.Жақсы көңіл-күй сыйлады.
Б.К.Мамитова