«Byrabay Sammer Fest»

«Әлем» балалар-жасөспірімдер орталығы «Мирас» вокалдық-аспаптық ансамблінің (жетекшісі Қ.Ж.Шаймерденова) жас әншілері Назар Нуриден, Айшабибі Исина, Айдос Тайлақов 2018 жылдың 26 сәуірінде Қарағанды қаласында Елордамыздың 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Byrabay Sammer Fest» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер телевизиялық фестивалінің Қарағанды облысы бойынша іріктеу кезеңіне қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, алғыс хатқа ие болғандары үшін құттықтайды. Алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!