25-29.12.18 аралығында «Әлем» балалар мен жасөспірімдер орталығында мемлекеттік тілде қала мектептерінің оқушыларына арналған «Ақшақардың Аяз атаны құтқару операциясы» атты ертеңгіліктер мен би кештері ұйымдастырылды. «Керемет» әдеби- студиосының тәрбиеленушілері әр түрлі ертегі кейіпкерлерін сомдап(жетекшісі Мамитова Б.К.), «Мирас» вокалды-аспапты ансамблінің тәрбиеленушілері (жетекшілері Шаймерденова Қ.Ж. Әбдірахман Қ.Б.) көңілді әндерімен мерекелік көңіл күй сыйлады. Орталықтың дыбыс режижері Дроздецкая В.В. би кешіне арналған заманауи әндердің топтамасын жинақтады.