Ертегілер әлемі

2019 жылы 22 мамырда «Әлем» балалар–жасөспірімдер орталығында «Талапкер» тіл дамыту орталығы (жет. Кунтуган К.) тәрбиеленушілеріне мемлекеттік тілде жылдық есеп беру іс –шарасы «Ертегілер әлемі» атты тақырыпта өтті.
Мерекелік шарада оқушылар бірнеше ертегілерді көрсетті. Олар: «Үйшік», «Қызыл телпек», «Неге қоянның құлағы ұзын?», «Үкі мен қарға» ертегілерін сахыналық түрде көрсетіп, әр кейіпкердің рөлін сомдап, қазақ тілінде көрерменге жеткізе білді.
Сондай – ақ әртүрлі ойындар ойнатылды. Мысалы: «Сағат неше?», «Асханада не бар», «Киім –кешек дүкені». Бұл ойындарда оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап беріп, өздерінің белсенділіктерін танытып, әр сөйлемдегі сөзді дұрыс жеткізуге тырысты. Сонымен қатар «Достар», «Ата –ананы тыңдаймыз», «Жау, жау жаңбыр» деген әндерді топпен айтып, ата – аналарының көңілін бір көтерді.
Бұл шараның соңында тәрбиеленушілерге сертификаттар тапсырылды, ал ата – аналар алғыс хаттармен марапатталды.
Ата –аналар балаларының мемлекеттік тілде сөйлейтініне куә болып, алғыстарын білдірді.

«Талапкер» тіл дамыту оралығының жетекшісі Кунтуган К.