13-мамыр күні «Керемет «әдеби театралдық студиясының жетекшісі Мамитова Баян Кенжебаевнаның бастамасымен студия тәрбиеленушілері Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрына көрермен болып барып қайтты.
Қазақ лиро-эпостық жырының негізінде жазылған Ғ.Мүсіреповтың «Қозы-Көрпеш — Баян сұлу» трагедиясын тамашалаған шәкірттер актерлардың өнеріне тәнті болды. Трагедияның өмірлік мәні мен мағынасы туралы шәкірттермен спектакальдан соң ойталқы сабағы жүргізілді.
Студия жетекшісі — Мамитова Баян Кенжебаевна.