2025 жылғы 23 мамыр “Балдырған” тұлғаны дамыту үйірмесінің тәрбиеленушілері үшін ерекше қуанышты күн болды. Бүлдіршіндеріміз мектепалды дайындықты аяқтап, үлкен өмірге алғашқы қадам жасады. Бұл – олардың білім жолындағы маңызды белесі.
Жыл бойы балалар әріптер мен сандарды танып, жазуды, оқуды, санауды үйренді. Сонымен қатар, олар табиғат , қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп, Отан, отбасы, әдептілік, достық, тәртіп сияқты маңызды құндылықтарды түсініп, қасиеттерді меңгерді. Педагог пен ата-аналардың бірлескен еңбегінің арқасында балалар жан-жақты дамып, мектепке баруға толық дайын болды.
Мерекелік іс-шара барысында балалар ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Балалардың жүзінен шаттық пен қуаныш байқалды. Бүлдіршіндерімізге алда ашылар білім есіктері сәтті болсын деп тілейміз.