Қалалық зияткерлік байқауда І орын – тынымсыз еңбектің жемісі!

Қалалық зияткерлік байқауда І орын – тынымсыз еңбектің жемісі!
«Балдырған» тұлғаны дамыту үйірмесінің тәрбиеленушісі Асхад Әлімхан қалалық зияткерлік байқауда І орынды иеленіп, білім мен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Бұл байқау қаладағы бала-бақшалар мен оқу орындарының мектепалды даярлық бағдарламасын өтетін балалардың білім деңгейі мен логикалық ойлау қабілетін сынға салатын айтулы дода болды. Логикалық тапсырмалар мен зияткерлік сұрақтардан тұратын бұл сыннан сүрінбей өткен Әлімхан үздіктер қатарынан көрініп, бас жүлдені иеленді.
Әлімханның бұл жеңісі – қаншама уақыт бойғы тынымсыз еңбектің, ізденіс пен талпыныстың, педагог пен ата-ананың қолдауының жемісі. Әлімхан аталған үйірмеде 4 жасынан бастап айналысады, білімге құштар, жауапты, жан-жақты дамыған, белсенді бала.
Орталықтың әкімшілігі мен педагогтер Әлімханды бұл жеңісімен шын жүректен құттықтап, оған алдағы уақытта да толағай табыстар тілейді. Бұл жетістік – тек Әлімханның ғана емес, бүкіл «Әлем» БЖШО» КМҚК ұжымының ортақ қуанышы.