ZOOM платформасында “БЖО – шығармашылық үйі “бағыты бойынша “Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Шығармашылық ұжым педагогтарының тәжірибесі” тақырыбында онлайн-конференция өтті

22 сәуір күні ZOOM платформасында “БЖО – шығармашылық үйі “бағыты бойынша “Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Шығармашылық ұжым педагогтарының тәжірибесі” тақырыбында онлайн-конференция өтті. Ұжым педагогтері осы қашықтықтан жұмыс істеуді бастаған кездердегі қорқыныш, үрей сезімдерін жеңе біліп, сан сұрақтарға жауап іздей отырып, бұл форматқа тез үйреніп, машықтанып алды. Қазіргі кезде қашықтықтан оқытудың әр түрлі форматтарында еркін жұмыс жасап отыр. Бүгінгі өткен конференцияда Шаймерденова К. Ж., Кайрашова Р. С., Әбдірахман Қ.Б. («Мирас» вокалды-аспапты ансамбль), Миронова М. О., Досаева А. Р (“Силуэт” сән театры), Коробкина С. В., Шактаева М. А (“Миркл” эстрадалық ән және би театры, “Скерцо” музыкалық мектеп-студиясы) өздерінің кездескен қиыншылықтарын қалай жеңіп, қандай жолдармен жетістіктерге жеткені және қазіргі таңда қалай жұмыс жасап отырғандары туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Директордың оқу –тәрбие ісінің меңгерушісі Бельгибаева Б.Т.
Мәдени бұхаралық бөлім меңгерушісі Родвальд Е.В.